48 сағат ішінде коронавирусты ауыздықтайтын дәрі ойлап табылды

Ғалымдардың пікірінше, ивермектин SARS-CoV-2 вирустық белсенділігін азайтуға, аурудың асқынуының алдын алуға және инфекцияның адамнан адамға өтуін шектеуге көмектеседі. Монаш университетінің және Мельбурндегі корольдік аурухананың австралиялық ғалымдары SARS-CoV-2 вирусының жасушаларда 99 процентке төмендететін дәріні ойлап тапты, деп хабарлайды zakon.kz 

2020040910362994736_2020040906465614739_12998133t1hb8d4.jpg

Зертханада зерттеушілер ивермектиннің коронавирусты жұқтырған жасушаларға әсерін талдады, олар инфекция жұқтырғаннан кейін екі сағаттан соң дәрі-дәрмекті қосты.

Нәтижесі 24 сағаттан кейін жасушада вирустық РНҚ-ның үлесі 93% төмендегенін көрсетті. Зерттеу жарияланған Antiviral Research журналына сәйкес, 48 сағаттан кейін жасушаларда вирустың болуы 99% -ға төмендеген.

Сонымен қатар, эксперимент барысында ивермектин сынамаларға улы әсерін тигізбейтіні де белгілі болды.

Ғалымдардың бұл жұмысы коронавирусты жұқтырған жағдайда препаратты қолдану туралы зерттеулерге көмектеседі деп үміттенеді. Олардың пікірінше, ивермектин SARS-CoV-2 вирустық белсенділігін азайтуға, аурудың асқынуының алдын алуға және инфекцияның адамнан адамға өтуін шектеуге көмектеседі.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды