Ресейлік «Спутник V» КСРО кезеңінен бергі ғылыми жетістік деп аталды

АҚШ-тың танымал Bloomberg басылымы ресейлік "Спутник V" вакцинасын КСРО кезінен бергі ең үлкен ғылыми жетістік деп атады, деп хабарлайды РИА Новости.

Спутник-V.jpg

Журналистер мәліметінше, көптеген ел The Lancet беделді медициналық журналында "Спутник V"-нің жоғары тиімділігін растайтын клиникалық зерттеудің үшінші кезең нәтижесі жариялағаннан кейін препаратты алуға "кезекке тұрған".

Мақала авторлары пандемияны жеңу үшін жаһандық шайқаста "вакциналар жарысы" геосаяси маңызға ие болғанын атап өтті. Үкіметтер шектеу шаралары енгізілгеннен кейін үлкен әлеуметтік-экономикалық залалды жеңу жолдарын іздеді. Бұл ретте, Ресей ғалымдары сапалы вакцина жасай алатын санаулы елдің бірі ретінде артықшылыққа ие болды деп жазды хабарламада.

- Ресей кеңес дәуірінен бері өзінің ең үлкен ғылыми жетістігін жасады - деп қорытындылады Bloomberg.

Осы аптада The Lancet журналы "Спутник V" сынағының үшінші кезең қорытындысын жариялады. Зерттеулер ресейлік вакцинасының жоғары қауіпсіздігі мен тиімділігін 91,6 пайыз деңгейінде растады. Сонымен қатар, Гамалея орталығының ғалымдары вакцина Сovid-19-дан толығымен қорғайтынын мәлімдеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ресейлік «Спутник V» КСРО кезеңінен бергі ғылыми жетістік деп аталды
  • «Вакцинаны қаражатты бөліп алу үшін ойлап тапқан» - белгілі дәрігер (видео)
  • Мәжіліс төрағасы Әсет Ерғалиевтің түсініксіз бағдарламасын сынға алды
  • Тоқаев Экология министріне маңызды тапсырма берді
  • «Вакцинациялаудың барлық шығындарын мемлекет көтереді» -Тоқаев