«Visit Shymkent» орталығы әлеуметтік туризм бағыты бойынша экскурсия өткізді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Visit Shymkent» орталығы  әлеуметтік туризм бағыты бойынша көп балалы жанұядан шыққан бүлдіршіндерге экскурсия ұйымдастырды. 

image.png

Тур «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорымен бірлесе  «Мейірімді жүрек» акциясы аясында қолға алынды. Құрамы 20-дан аса оқушыдан жасақталған топ мүшелері “Шым қала” тарихи-мәдени орталығы, Этноауыл, Түркістан облысының тарихи-өлкетану музейі, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы және Бәйдібек  би ескерткішіне барып, туристік нысандармен танысты.

Іс-шараның мақсаты - оқушылардың туған өлке тарихы туралы ой-танымдарын арттырып, Шымкент қаласындағы туристік нысандар және көрікті орындармен таныстыру. Ал, арнайы экскурсия аяқталған соң, бүлдіршіндерге «Ладушки» кафетериясы  тарапынан тегін түскі ас және сыйлықтар ұсынылды. Жасөспірімдерді қала тарихымен таныстыруды көздеген арнайы экскурсиялық шаралар алдағы уақыт да жалғасатын болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Visit Shymkent» орталығы әлеуметтік туризм бағыты бойынша экскурсия өткізді
  • Шымкентте көз аурулары клиникасы ашылды
  • Рысқұлов көшесінің жолайрықтағы бөлігі ашылады
  • Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады
  • Сәуле шағын ауданында су құбырын тарту жұмысы аяқталды