Тұрғын үй мәселесіне қатысты жауап берді

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов тұрғындарды баспана мәселесіне қатысты қабылдау өткізді. Жиырмаға жуық азаматтың мәселесі  мұқият тыңдалып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.

image.png

Басқарма басшысының жеке қабылдауында болған Айдана Тұрымбетова  тұрғын үй кезегіне тіркелмеген. Алайда ол тұрғын үй кезегі арқылы жеңілдетілген несиелік бағдарламаға қатыссам дейді. Оған баспаналы болудың несиелік бағыттары түсіндірілді. 

Тұрғын үй кезегі санаттарының біріне сәйкес келмеген, иелігінде жылжымайтын мүлік тіркелмеген төлемге қабілетті барлық азаматтар «7-20-25» бағытына қатыса алады. Азаматтар бірінші нарықтан тұрғын үйді немесе пәтерді өз таңдайды. Бұл бағыт бойынша төлем қабілеттілігін растау үшін яғни пәтерді рәсімдеу үшін екінші деңгейдегі 8 банк жұмыс істейді. Атап айтқанда, Банкцентркредит, Еуразиялық банк, Халық банкі, Сбербанк, АТФ банк, Жусан банкі,  РБК банкі, Форте банкі. 

Басқарма басшысы аталған бағдарламаға азаматтар келер жылы қатыса алатындығын атап өтті. Әрбір отбасының баспаналы болуына мүмкіндік беретін бұл бағдарламаның  жылдық номиналды сыйақы жарнасы – 7%, бастапқы жарна – баспана құнының 20 пайызы, шектік мерзім – 25 жылға рәсімделеді.

Қабылдау барысында тұрғын үй кезегіне тіркелген зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы санатындағы азаматтардың да мәселелері жіті қаралды. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,74 баптарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек реті арқылы берілетіндігі түсіндірілді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: МИБ және ЖС құру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда
  • Балалар мен жасөспірімдерге вакцинациялау қалай жүргізіледі?
  • Үш магистралды суаққының құрылысы аяқталды
  • Өкпесі 80 пайыз зақымдалған науқас сауығып шықты
  • Ретсіз сауда қатарлары анықталды