Шымкентте «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды

Шымкентте «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы алғаш ашылып отыр. Бұл орталықтың егізгі мақсаты – егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттарға және зейнет жасына жеткен азаматтарға, сонымен қатар зейнет жасына жетіп, денсаулық жағдайына байланысты емге мұқтаж қарттарға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсету.

«Қоғамның дамуы сол қоғамның қарт адамдарға қарым-қатынасымен өлшенеді. Шымкентте мұндай орталық ашуды менің халықпен есеп беру кездесуімде тұрғындар өтінді. Сол кезде тұрғындардың бірі Шымкентте қарттарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орталық ашуды өтінген еді. Сол орталықта азаматтардың бос уақытын өткізіп, әңгімелесіп, араласуына жағдай жасалуын қалаған. Мінеки, біз сол орталықты ашып отырмыз. Бұл орталықтың бір ерекшелігі - мұнда тек қариялар ғана емес, балалар да келуіне болады. Сонымен балалар үйінен бүлдіршіндеріміз де келіп, ата-әже мейірімі мен қамқорына бөленуге мүмкіндік алады. Қарттарымыз болса, өмірдің бір қуанышы - балалармен уақыт өткізіп, немере-шөбере мәпелейді. Мұндай мүмкіндіктер қарттарымыздың да, балалардың да денсаулығы мен руxани күйіне оң әсерін тигізеді деп сенемін»,-деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Әкімнің сөзінше, мұндай нысан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұқаралық спортты дамыту және қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұзарту тапсырмасына сай ашылып отыр. Қазір шымкенттіктердің орташа өмір сүру жасы 78 жылдан асады. Ол барлық қала тұрғындарын спортпен белсенді шұғылдануға шақырды. Шымкентте бұған барлық жағдай жасалып жатыр.

Орталықтың үш қабатты ғимараты заманауи тұлғаға қажетті барлық жағдаймен қамтамасыз етілген. Интернет-кафе, емдік-уқалау, физикалық-емдеу бөлмесі, кинозал, кітапхана, тренажер залы, йога, үстел теннисі, бильярд залдары және балаларға арналған ойын бөлмелері бар. Орталық тәуліктің күндізгі 4 сағат уақытында 70 қартқа арнаулы әлеуметтік және медициналық қызметтер көрсетеді. Барлық қызмет тегін екен.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялануын жүзеге асыру мақсатында, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойдық. Сол бойынша бұл орталыққа келетін қариялардың өткен өмірлік тәжірибесін үлгі өнеге ретінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың бойына сіңіре отырып, олардың қоғам алдында өздерін жауапты тұлға ретінде сезінуі үшін, өз Елінің патриоты болуы бағытында мәдени іс-шараларды жүзеге асырылады», - дейді Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы Шымкент қаласы, Х.Дулати көшесіндегі 36 үй мекенжайында орналасқан.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы