Кентауда рәміздер алаңы салынады

Ел Тәуелсіздігіне 30 жылдығына орай Кентауда рәміздер алаңы бой көтереді. Бұл туралы қала әкімі Д.Махажанов айтып өтті.

image.png

--- Мерейтой аясында көк туымыз желбіреп тұратын рәміздер алаңын салуды жоспарлап отырмыз. Ол жер егемендігімізді айшықтап тұратын, жастарға рухани серпін беретін алаң болатыны сөзсіз. Рәміздер алаңының аумағын абаттандырып, қонақтар мен тұрғындар демалатын орын жасаймыз. Одан бөлек, сол жерден өз кәсібін ашамын деген кәсіпкерлерге аукцион арқылы жер берілетін болады. Мәселен, қонақ үй, мейрамхана секілді нысандар бой көтеріп, халыққа қызмет жасауы қажет. Ал, аукционнан түскен қаржыны тағы да абаттандыруға жұмсаймыз. Бұл игі істің барлығы да Кентаудың керемет келбетін қалыптастырып, әлеуметтік-экономикалық дамуына жол ашады – дейді қала әкімі.

Бүгінде қалада пластикалық құбыр шығаратын цех жұмысы қарқын алды. Онда жергілікті 30-дан аса тұрғын жұмыспен қамтылып отыр. Биыл «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС «Күн электростанциясын құру» бойынша 3 жобаны іске асырды. Ал, қазан айында «Бетон бұйымдарын өндіру жобасы» іске қосылмақ. Сондай-ақ, индустриалды аймақта 2025 жылға дейін жүзеге асатын бірнеше жобалар бар. Оның 3-уі жыл соңына дейін іске қосылады деп күтілуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сапалы жол – туризмнің тірегі
  • Креативті экономика индустриясы туризмге үлес қосады
  • «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап»
  • Сатира саңлақтары кеш берді
  • Автобустар кондукторсыз қызмет көрсетуде